KazNIC пен CDNvideo KazNIX алаңында жергілікті CDN-серверді орналастырды

KazNIC мекемесі халықаралық CDN-провайдер CDNvideo-мен ынтымақтастық орнатқанын хабарлайды: интернет-трафик алмасу нүктесі KazNIX алаңында контентті жеткізу желісінің (CDN) жергілікті сервері орналастырылды. Бұл қадам байланыс операторлары мен олардың абоненттері үшін цифрлық контент сапасын арттыруға және интернет-трафикті оңтайландыруға бағытталған.

KazNIX жергілікті торабынан келесі трафик түрлері жеткізіледі:

  • • видеостриминг (VOD және Live);
  • • OTT-платформалар мен медиа-сервистер;
  • • ірі веб-ресурстар мен порталдар;
  • • бағдарламалық жаңартулар, дистрибутивтер және статикалық контент;
  • • CDNvideo клиенттерінің корпоративтік және бұлтты сервистері.

Бұл трафик көлемі үлкен және жаппай контенттің енді сыртқы арналар арқылы жүктелмей, жергілікті деңгейде қолжетімді екенін білдіреді.

CDNvideo-ны KazNIX алаңына орналастыру байланыс операторларына нақты техникалық және экономикалық артықшылықтар береді:

  • • Халықаралық және өңіраралық трафик көлемінің азаюы — контент сыртқы аплинктер арқылы емес, жергілікті CDN-тораптан алынады.
  • • Сыртқы арналарға шығындарды үнемдеу — магистральдық желілер мен ақылы арналарға түсетін жүктеме азаяды.
  • • Кідірістер мен пакеттердің "секіруінің" (latency және jitter) төмендеуі — видеосервистер мен тікелей эфирлердің жұмысы жақсарады.
  • • Қосымша инвестициясыз қызмет көрсету сапасының (QoE) артуы — сервистердің тұрақты жұмысы маршрутизация деңгейінде қамтамасыз етіледі.
  • • Пиктік сағаттарда тұрақтылық — CDN прайм-таймда және ірі іс-шаралар кезінде жүктемені тиімді бөледі.
  • • Желіні пайдалануды жеңілдету — абоненттердің "видео баяулайды" немесе сапаның төмендеуі туралы шағымдары азаяды.

Байланыс операторлары абоненттер мен корпоративтік клиенттерге келесі артықшылықтарды атап көрсете алады:

  • • "Танымал контент жергілікті CDN-тораптарынан жеткізіледі";
  • • Видеоны жоғары жылдамдықпен және тұрақты көру;
  • • Кідірістердің аз болуы және кешкі уақытта желінің шамадан тыс жүктелмеуі;
  • • Корпоративтік желілер мен B2B-клиенттер үшін жақсартылған пайдаланушы тәжірибесі.

Соңғы пайдаланушы үшін бұл қарапайым түрде көрінеді: видео тезірек жүктеледі, тұрақты жұмыс істейді және буферизациясыз көрсетіледі.

CDNvideo-ның KazNIX алаңында орналастырылуы — жергілікті интернет-инфрақұрылымды дамытудағы маңызды қадам. KazNIC пен CDNvideo операторлардың шығындарын азайтуға, трафикті оңтайландыруға және абоненттік инфрақұрылымға өзгеріс енгізбей-ақ қызмет сапасын арттыруға жағдай жасайды.