KazNIX трафикпен алмасу нүктесі
KazNIX-трафикпен алмасу нүктесі желілер арасындағы IP-трафикпен алмасу үшін Internet eXchange бейтарап платформасын және түбірлі домендік аймақтарды қолдау үшін DNS-серверлердің жаһандық таратылған желісін ұсыну арқылы, интернет-компаниялар арасындағы коммуникацияны жеделдетеді.
Таратылған қалалық желі қаланың барлық аудандарын қамтиды. KazNIX-ке байланыс операторлары, бейнепорталдар, корпоративтік және ғылыми-білім беру желілері қосылған.
10G жылдамдығында Пиринг және жаңа дата-орталықтв жабдықты орналастыру.
Біздің ұйым өз қаражаты есебінен Сіздің желіңізді 10G/s жылдамдығында "трафикпен алмасу нүктесіне" қосу бойынша барлық қажетті келісулер мен жұмыстарды жүргізеді. Егер жүктеме 50% -дан жоғары болса, қосымша 10G/s порттары қамтамасыз етіледі. Порттарды пайдалану және оларға қосылу үшін абоненттік төлем алынбайды.
Жабдықты жаңарту
Қосымша 10G порттары және жаңа 40G порттары!
Біз жабдықтарымызды жаңарттық: енді бізде көбірек 10G порттары және одан да тиімдірек деректер алмасу үшін 40G порттары қосылды. Толығырақ ақпарат алу және қосылымдарыңызды жаңарту үшін бізге хабарласыңыз.
Таңдауыңыз үшін рахмет!