KazNIX трафикпен алмасу нүктесі
KazNIX-трафикпен алмасу нүктесі желілер арасындағы IP-трафикпен алмасу үшін Internet eXchange бейтарап платформасын және түбірлі домендік аймақтарды қолдау үшін DNS-серверлердің жаһандық таратылған желісін ұсыну арқылы, интернет-компаниялар арасындағы коммуникацияны жеделдетеді.
Таратылған қалалық желі қаланың барлық аудандарын қамтиды. KazNIX-ке байланыс операторлары, бейнепорталдар, корпоративтік және ғылыми-білім беру желілері қосылған.
10G жылдамдығында Пиринг және жаңа дата-орталықтв жабдықты орналастыру.
Біздің ұйым өз қаражаты есебінен Сіздің желіңізді 10G/s жылдамдығында "трафикпен алмасу нүктесіне" қосу бойынша барлық қажетті келісулер мен жұмыстарды жүргізеді. Егер жүктеме 50% -дан жоғары болса, қосымша 10G/s порттары қамтамасыз етіледі. Порттарды пайдалану және оларға қосылу үшін абоненттік төлем алынбайды.
Жабдықты жаңарту
Қосымша 10G порттары және жаңа 40G порттары!
Біз жабдықтарымызды жаңарттық: енді бізде көбірек 10G порттары және одан да тиімдірек деректер алмасу үшін 40G порттары қосылды. Толығырақ ақпарат алу және қосылымдарыңызды жаңарту үшін бізге хабарласыңыз.
Таңдауыңыз үшін рахмет!
KazNIX арқылы байланыс операторларымен, контент және сервис-провайдерлермен пирингті орнатыңыз
- Қазнеттің интернет-аудиториясына, контентіне және сервистеріне тікелей кіру
- KazNIX жаңа дата-орталығында жабдықты орналастыру
- Пирингтік платформаның озық архитектурасы
Байланыс операторларына
- — Трафик транзитіне шығындарды қысқарту
- — Абоненттер үшін контентке қол жеткізу жылдамдығын арттыру
- — .KZ және .КАЗ жоғары деңгейлі домендердің DNS серверлеріне ең қысқа бағыт
Контент және бұлтты сервистер провайдерлеріне
- — Контентті жеткізу желілерін масштабтау
- — Сервистік платформалардың максималды желілік қолжетімділігі
- — Аймақтарда контентті жеткізу
Компаниялар мен ұйымдарға
- — Интернеттегі контент пен сервистерге тікелей қол жеткізу
- — Интернет-пайдаланушылармен байланыс үшін тиімді орта
- — Трафикпен алмасу серіктестерін таңдау тәуелсіздігі
- Бейтарап платформа
- Жоғары жылдамдықты коммутация платформасы
- Тиімді пирингке арналған сервистер
- Тәжірибелі желілік инженерлердің кеңестері
DNS серверлері
Домен аймақтары мен интернет ресурстары үшін сенімді, қауіпсіз және жылдам DNS серверлері.
KazNIX түбірлі домен аймақтарын және DNS тұрақтылығына жоғары талаптары бар домендерді қолдау үшін аумақтық таратылған DNS серверін ұсынады.
- Еуропада, Азияда, оның ішінде Қазақстанда 3 тораптар
- Интернет желісінің кез келген нүктесінен DNS-сервердің оңтайлы қолжетімділігі үшін anycast технологиясы
- Желілермен тікелей пиринг
- Аппараттық және желілік деңгейдегі ақауларға төзімді архитектура
- Үздіксіз мониторинг және тәулік бойы техникалық қолдау
- Тұрақты қауіпсіздік аудиттері және DDoS-шабуылдардан қорғау